"Аллаға шүкір": Тұрсынбек Қабатов туған күнін Оралда дүркіретіп өткізді

12.10.2026 • 10:23 Мөлдір ҚАЙНАР
61
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туған күнін туған жері Оралда дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі қуанышты кешті сыныптастарының ортасында өткізген. Салтанатты жиынға Нұрболат Абдуллин, Нұржан Төлендиев және Заттыбек Көпбосынұлы арнайы келіп, әріптестеріне тосын сый жасаған.

Мерекелік кештен естелік сәттерді әзілкештің екінші жары әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Ал сахна саңлағы өзіне ақ тілек арнаған тыңдармандарына алғыс білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«47 жасқа толдым. Аллаға шүкір! Маған жазған ақ тілектеріңізге рақмет, көрерменім. Осы 47 жасымда бұйырса жаңалықтарым көп. Алла амандық берсін!» деді Қабатов.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий