Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі оқиға орнында қаза тапты
Ақмола облысында жеңіл автокөлік жол жөндеу жұмыстарына қатысып жүрген үш жұмысшыны қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 163-шақырымында болған.
Полицияның мәліметінше, Chery Arrizo 8 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған жол ұйымының үш қызметкерін қағып кеткен.
Ведомство өкілдері оқиға кезінде жұмысшылардың үстінде жарық шағылыстыратын арнайы кеудешелер болмағанын атап өтті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...