«Ақшаңыз көп пе?»: Алматының су жаңа әкіміне қатысты тағы бір құпия ашылды (ВИДЕО)

Таяуда ғана Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Дархан Сатыбалды жасы 80-нен асқан анасының өзінен ешқашан ақша сұрамағанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол тіпті, анасының саудамен айналысатынын, Дубай, Түркияға бару үшін тек өз ақшасын жұмсайтынын баяндады. Әкім анасы туралы белгілі продюсер Арман Дәулетияровқа айтып берген.
«Мамам менің мотиваторым. Бәрі айтады: «Сен өмірде қандай кітап оқисың?» деп. Маған оқулық керек емес. Анамның өмір тәжірибесі — менің мотивациям. Себебі, биыл 80-ге келді, биыл 80 жылдығын жасадық. 80-ге келгелі бері, мен әкіммін, басқа бизнесмен балалары бар ғой. Бір рет те, өмірінде бізден ақша алған емес.
Берсек, принципиально алмайды. 80-ге дейін өзі әлі жұмыс істейді, өзінің бутигі бар. Сауда жасайды. Мереке күндері сауда жақсы болады деп, өзі саудаға шығады. «Каспийді» үйреніп алдым дейді. «Оптовиктерге» звондаймые дейді, сосын мынадай тауарларға тапсырыс беремін дейді. Сосын «оптовиктер» дүкенге әкеліп тастайды дейді. Сосын сатушы жас қызым бар дейді, сатушы телефонмен есебін береді дейді. Өзім каспиіммен оптовиктерге ақшасын аударамын дейді.
80-ге келіп бізден әлі бір рет те ақша алмаған. Түркияға, Дубайға барады өз ақшасына. Мен үйге көшсем біледі менің алмайтынымды, балама тастап кетеді. Балаңа дейді, саған емес дейді.
Сонда мен сұраймын: «Қанша табасыз? Ақшаңыз көп пе?» деп. «Көп» дейді», — деп күлді Алматының әкімі.
Соңғы жаңалықтар





