Ақтөбе облысында мұғалімдерге заңсыз миллиондар төленген
Ақтөбе облысында білім беру ұйымдарының есепшілері негізсіз төлемдер жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеріс барысында Жайсаң арнайы білім беру ұйымында, Байғанин және Қобда аудандық білім бөлімдерінде, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №26 мектепте заңбұзушылықтар анықталған.
Аудиторлардың мәліметінше, 2023-2026 жылдар аралығында кейбір мұғалімдерге артық қаражат есептелген. Біріне жалақы негізсіз көп төленсе, енді біріне уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы артық аударылған. Жалпы көлемі 6 миллион теңгеден асқан.
Қазіргі таңда оның 1,2 миллион теңгеден астамы бюджетке қайтарылған. Ал Жайсаң арнайы білім беру ұйымына қатысты 4,8 миллион теңге әлі өтелмеген.
Заңбұзушылыққа жол берген есепшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар білім басқармасы аталған мекемелердің басшыларының жауапкершілігін де қарастыратынын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар