«Әділет» партиясы өз бағдарламасын бекітті

07.05.2026 17:31 Әсел Мұрат
«Әділет» партиясы өз бағдарламасын бекітті
356

Астанада өткен «Әділет» партиясының құрылтай съезінде ұйымның ресми бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Құрылтай съезі «Әділет» партиясының бағдарламасын бекітті.

Партия өз бағдарламасында «Заң мен тәртіп» қағидаты әділеттіліктің басты негізі екенін атап көрсетеді.

Партия бағдарламасында денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және азаматтардың әл-ауқатын арттыру басты бағыттардың бірі ретінде көрсетілді.

«Әділет» партиясының негізгі құндылықтары ретінде әділдік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және даму айқындалды. Партия өз бағдарламасында заң әлсізге қатал, ал күштіге ыңғайлы болмауға тиіс екенін ерекше атап өтеді.

Құжатта адами капиталды дамыту, заң үстемдігін күшейту, өңірлердің теңгерімді дамуы мен әділетті қоғам құру мәселелері негізгі басымдық ретінде айқындалған.

Партияның толық бағдарламасымен туралы толығырақ мына жерден білуге болады. 
 

Войдите, чтобы оставить комментарий