Ақтөбедегі жанармай құю бекетіндегі жарылыстан аман қалған ер адамның жағдайы белгілі болды
Ақтөбедегі автогаз құю станциясында болған өрттен ауыр жарақат алған ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың денесінің 45 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр болғанымен, ол есін біледі және негізгі өмірлік көрсеткіштері тұрақты.
«Науқасқа қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында», – деп хабарлады медицина қызметкерлері.
Еске салайық, 19 маусым күні Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, салдарынан үш адам қаза тапқан болатын. Оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
20:12
Астана әкімдігі алдында шу шықты: Жекеменшік ор...
04.11.2026
19:17
Екі оқушы да зорлық көрген: Павлодардағы мектеп...
04.11.2026
18:13
«Барни» үшін болған жанжал: 19 жастағы Мадинаны...
04.11.2026
17:20
Боқтық сөздері үшін алматылық сот алдында жауап...
04.11.2026
16:54
Текеліде экскаватор 11 жастағы қызды қағып өлтірді
04.11.2026
16:03
Шымкентте спорт шеберін ұрлап өлтірген 6 адам с...