Әріптесін төсекке шақырған депутаттың әнші қызы халықтан қолдау сұрады
1003
Dequine лақап атымен танымал қазақстандық әнші харассментпен айыпталған әкесі – экс-депутат Асқар Cадықовқа қатысты өз пікірін айтты.
Әншінің айтуынша, болған жағдай оның жүйкесіне қатты әсер еткен. Күйзеліске түскен қыз көпшілікке мұндай оқиға болады деп ойламағанын жеткізді.
Соңғы күндері маған және әкеме қатысты көптеген жаңалықтар пайда болды. Болған оқиғаның қалай өрбіп жатқандығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Әкем Асқар Садықовты жұмыс орнында харрасмент жасады деп ашық айыптады. Сіздер сияқты мен де болып жатқан жағдайдан есімді жия алар емеспін. Шынын айтқанда, мен не айтарымды да білмеймін. Не істеу керек, кімге сену керек және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін білмеймін. Өмір мені мұндайға дайындаған жоқ. Бұрын дәл осындай харассмент жағдайын бастан өткізген адам үшін бұл – үлкен сынақ», - деді әнші.Сондай-ақ ол жағдай өміріндегі ең қымбат деп саналатын отбасы және әйел құқығы құндылықтарын шытынатқандығын айтты.
Мен бірнеше жыл бұрын харассмент пен зорлық-зомбылық атаулысына қарсы болғанымдай, дәл қазір де сол позиция мен принциптерге адалмын. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптаймын. Бұл қиын кезеңде мені қолдайтын және жанашырлық білдіретін жандардың барына сенемін. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте қымбат, - деп налыды Dequine.Еске сала кетсек, оның өзінің де әншілік мансабының басы харассментке тап болған. Енді әкесі Асқар Садықов қызметкер әйелге ұятсыз ұсыныс жасағаны үшін Мәжіліс депутаты мандатынан айырылып отыр. Коллаж: ulysmedia.kz
Соңғы жаңалықтар
15.06.2026
17:50
Астанадан шыққан пойызда жолаушы көз жұмды
15.06.2026
17:50
Полиция екі баланың анасын өлтірген ер адам қан...
15.06.2026
17:18
«Ақылы интимдік қызмет көрсеткен»: атышулы «Kiz...
15.06.2026
17:17
Әнші Сәкен Майғазиев сүйінші сұрады
15.06.2026
17:11
Халық қай банкке көбірек сенеді?
15.06.2026
16:16
Жамбылда дәрігерлердің қателігінен әйел баласын...