«Қош келдің, 48 жасым»: Алтынай Жорабаева туған күнін атап өтіп, отбасына алғыс айтты

«Қош келдің, 48 жасым»: Алтынай Жорабаева туған күнін атап өтіп, отбасына алғыс айтты
Фото: әлемуеттік желі

Қазақстанның танымал әншісі Алтынай Жорабаева 48 жасқа толды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жеке мерекесіне орай өнер иесі жақындары сыйлаған сыйлықтар мен бір құшақ гүлдерін көрсетіп, отбасымен түскен суретін желіге жүктеді. Сондай-ақ жұбайы мен балаларына деген шынайы ризашылығын білдірді:

«Қош келдің, 48 жасым. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар. Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла қосқан қосағыма, қыздарыма мың алғыс. Сендерді шексіз жақсы көремін», — деп жазды әнші жеке парақшасында.

Өнердегі әріптестері мен тыңдармандары әншінің жазбасының астына ақжарма тілектерін қарша боратып жатыр. Оқырмандар «Жаңа жасыңыз құтты болсын!», «Бақытты бол, жүз жаса!», «Бақытың еселенсін!» деп ізгі лебіздерін білдіруде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу