Әсел Асқар әжесінің 85 жас туған күніне 303 гүл шоқтарын сыйлап, ерекше құттықтады

Танымал блогер Әсел Асқар сүйікті әжесін 85 жасқа толған туған күнімен қалай құттықтағанын көрсетті. Ол әжесіне тосынсый ұйымдастырып, ерекше сәттерді желіде жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айша Көпжасарова – танымал ақын, әнші Беркуттің анасы.
«Туған күніңмен, генерал әже», – деп жазды Әсел.
Мерейтой иесінің құрметіне мол дастархан жайылып, әдемі торт дайындалды. Сондай-ақ туған күн иесіне 303 раушаннан тұратын гүл шоқтары мен зергерлік бұйымдар жиынтығы сыйға тартты.
«Барлық ақшаны табу мүмкін емес және оны ешқашан жеткілікті жинай алмайсың. Ал туған-туыстар мен жақындардың эмоциясы – баға жетпес, бұл – өмірдің ең қиын сәттерінде жанды жылытатын естелік», – деді Әсел.
Ол ешқашан жақындарыңа келгенде ақша үнемдемеуге және өмірдің әр сәтінен ләззат алуға шақырды.
Соңғы жаңалықтар





