Астана егеуқұйрықтар мен тышқандардың шабуылына ұшырауы мүмкін

Санитарлық дәрігерлер гидроклиматтық болжам негізінде Астанада егеуқұйрықтар мен тышқандардың таралу қаупін ескертіп отыр. Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасының» сюжетінде айтылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Елордадағы санитарлық қауіпсіздік мамандарының айтуынша, Есіл және Нұра аудандары кеміргіштердың көбеюі бойынша ең проблемалық аймақтар болып саналады.
«iKomek арқылы 24 шағым түсті, онда тұрғындар подъездер мен жертөлелерде зиянкестердің пайда болғанын хабарлады. Сонымен қатар, 160-тан астам шағым қоқыс контейнерлерінің маңындағы егеуқұйрықтарға қатысты түскен. Ал 170-тен астам тұрғын грызундардың аулалар мен балалар алаңқайларында жүргенін байқағанын айтты», – деп мәлімдеді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айбарша Дүйсенбайқызы.
Санитарлық дәрігерлер егеуқұйрықтардан қауіпті аурулар анықталмағанын айтты. Алайда 2025 жылға арналған болжамдар олардың популяциясының өсу мүмкіндігін көрсетіп отыр. Бұл қорытынды гидроклиматтық талдау нәтижесінде жасалды.
Бұл уақытта егеуқұйрықтар мәселесі тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Мысалы, сол жағалаудағы екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары жағдайдың нашарлауын аяқталмаған көпқабатты ғимаратпен байланыстырды.
Әкімдік бұл ғимараттың құрылысы 2016 жылы басталып, нысан иесі консервация ережелерін бұзып, құрылысты тоқтатқанын түсіндірді. Иесіне ғимаратты қоршау туралы ескерту жасалған, бірақ ол орындалмаған. Әкімдік сотқа шағымданғанымен, кейін нысанның иесі ауысуына байланысты шағымды қайтарып алған.
«Қазіргі уақытта жаңа меншік иесі жобаны түзету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Нысанның техникалық зерттеуі жүргізіліп, дератизация қызметтеріне тапсырыс берілді», – деп хабарлады Нұра ауданы қалалық орта сапасын бақылау басқармасының инспекция бөлімінің бас маманы Роллан Өскенбаев.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Астанадағы «Басқару 2» тұрғын үй кешені тұрғындары егеуқұйрықтардың шабуылына шағымданған болатын. Тұрғындардың айтуынша, зиянкестер қоқыс контейнерлерінде, аулаларда және үйлердің подъездерінде жиі кездеседі. Тұрғын үй кешенінің күзетшісі оларға күнделікті кезігетінін айтқан.
Соңғы жаңалықтар





