Астана маңындағы ұшақ апаты: Жаңа деректер айтылды

23.06.2025 • 11:02 Admin
Астана маңындағы ұшақ апаты: Жаңа деректер айтылды
486
Фото: freepik.com

Кеше, 22 маусым күні Астана маңында құлаған жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапқанын көліктегі полиция департаменті растады. Апат ұшқыш пен жолаушының өмірін жалмаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр", - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Айта кетейік, кеше, 22 маусымда Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болған. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий