Астанада 11-12 қаңтарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астанада 11-12 қаңтарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
astana.gov.kz
11-12 қаңтарда Астанада ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылады

Астанада 11-12 қаңтар күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірлерінен — Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген фермерлер мен ауыл шаруашылық өндірушілері қатысады.

Келушілерге көкөністер мен жемістер, ет, ұн және сүт өнімдері, пісірілген тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер секілді өнімдер ұсынылады.

Жәрмеңке ТРЦ «Koktal» ғимаратында, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында өтеді. Жұмыс уақыты әр демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу