Астанада 21 жасар жігіт төрт туысын пышақтап тастады

2025 жылғы 17 қаңтар күні түнгі сағат 4:00 шамасында Ғабиден Мұстафин көшесіндегі үйде ауыр қылмыс жасалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, елорда тұрғыны танымал «Free Fire» ойынын ойнап отырған кезде, туыстары оның телефонын алып қойған.
Осыған ашуланған жігіт, туыстары ұйықтап жатқан кезде, оларға шабуыл жасайды. Оқиға салдарынан 1997 жылы туған ағайынды туыстарының бірі сол жерде көз жұмған. Тағы үш отбасы мүшесі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Оқиғадан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғады.
Полицияның мәліметі бойынша:
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиғаға туыстарының күдіктіге айтқан ескертуі себеп болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда».
Соңғы жаңалықтар





