Астанада Анет баба көшесінде суицид фактісі тіркелді

Астанада Анет баба көшесінде суицид фактісі тіркелді
Ашық дереккөздерден

Астана қаласында Анет баба көшесінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде орын алған жағдайға қатысты түрлі нұсқалар тарауда: кейбір қолданушылар ғимараттан бір кәмелетке толмаған қыз секіріп кеткенін жазса, енді бір деректерде оқиға орнында екі қыз бала болғаны айтылуда.

Полиция бұл қауесеттерге қатысты нақты түсініктеме берген жоқ, алайда суицид фактісінің болғанын ресми түрде растады.

Астана қалалық Полиция департаменті  оқиғаға қатысты ресми жауап берді:

— Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу