Астанада әуе такси алғаш рет жолаушымен әуеге көтерілді
Астанада өткен “Future Games 2026” халықаралық іс-шарасы аясында Қазақстан тарихында алғаш рет жолаушы отыратын ұшқышсыз әуе аппараты сынақ ретінде әуеге көтерілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Демонстрациялық ұшу арнайы рұқсат берілген аймақта өтті. Жаңа әуе көлігі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Ол сағатына 130 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, бір зарядпен шамамен 35 шақырым қашықтықты еңсере алады.
Жобаның алғашқы кезеңінде Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени көрікті жерлерінің үстінен 5-30 минуттық туристік және таныстыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай ұшқышсыз аппараттар болашақта туристік сапарлардан бөлек, шұғыл медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмек жеткізу, өрт сөндіру және логистика салаларында да пайдаланылуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
23:25
200 мың теңге үшін адам өлтірді: Қылмыс туралы ...
04.11.2026
22:23
Петропавлда колледж студенттері жаппай инфекция...
04.11.2026
21:15
«СК-Фармация» басшысы Денсаулық сақтау вице-мин...
04.11.2026
20:12
Астана әкімдігі алдында шу шықты: Жекеменшік ор...
04.11.2026
19:17
Екі оқушы да зорлық көрген: Павлодардағы мектеп...
04.11.2026
18:13
«Барни» үшін болған жанжал: 19 жастағы Мадинаны...