Астанада жезөкшелік қызмет ұйымдастырғандар ұсталды

Астанада полиция бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қыркүйекте өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған елорда тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленген.
Cондай-ақ, Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйел ұсталды. Күдікті танысу және кездесуді сылтау етіп, зорлық туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды.
Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталған. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Елорда тұрғындарының шағымын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде заңсыз притон ұйымдастырған топ анықталған. 14 адам ұсталып, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Соңғы жаңалықтар





