Алматыда такси жүргізушісі 18 жастағы қызды зорлады: Күдікті ұсталды

Алматыда 18 жастағы қызды зорлаған такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
19 қыркүйек күні 2007 жылы туған қызды такси жүргізушісі зорлағаны туралы ақпарат тарады. Полиция департаментіні оқиғаны растады.
«Жәбірленушінің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.
Жоғалып кеткеннен кейін зорланып табылған қызды полиция 5 сағат бойы тергеген. Ал күдікті бұған дейін қызға қырындап жүргені белгілі болды.
«НеМолчиKZ» қорының жазуынша, түнде келген мемлекеттік адвокат қызды қорғаудан бас тартып, сараптаманы күтпей кетіп қалған.
«Бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етеміз. Шұғыл сараптама жүргізіліп, күдіктіні қамауға алу қажет. Ол жігіт такси жүргізушісі болып істейді. Демек, қазір оның көлігіне отырған Алматыдағы әрбір қызға қауіп төніп тұр», деп мәлімдеді «НеМолчиKZ» қоры.
Соңғы жаңалықтар





