Астанадағы тойда Нұрлан Сабуров пен экс-министр бірге байқалды
Тойда Нұрлан Сабуровқа ерекше құрмет көрсетілді
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Астанада өткен мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде қатысып, оның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәліметтерге сәйкес, елордалық кәсіпкер ұйымдастырған бұл той Иман Әли мен Мұхаммед Әли есімді сәбилердің бір жасқа толуына орай өткізілген. Кешке жиналған қонақтар әзілкешті ерекше ықыласпен қарсы алған.
Желіде тараған кадрлардан Нұрлан Сабуровтың мейрамханаға қонақтардың ду қол шапалағымен кіріп келе жатқанын көруге болады. Кейін той иесі дәстүр бойынша оған шапан жауып, құрмет көрсеткен.
Айта кетейік, бұл жиынға бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовта келгені белгілі болды. Тойдан тараған бейнежазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...