Ата-анасы жұмыста болғанда иттер 1,5 жастағы баланы талап өлтірді

Ата-анасы жұмыста болғанда иттер 1,5 жастағы баланы талап өлтірді
26.07.2025 14:00
0
417
видеодан алынған кадр

Малайзияда ата-анасы жұмыста болған сәтте жабайы иттер 1,7 жастағы баланы талап өлтірді. 

Бұл туралы World of Buzz басылымы жазды.

Полиция мәліметінше, ата-анасы жұмыстан үйге оралғанда баласын үйден 20 метр қашықтықта, иттер қоршап жатқан күйінде тапқан. Сол уақытта бала ағасының қарауында болған.

Округ полициясының бастығы Мохаммад Хафиздің айтуынша, баланың басы мен денесінде көптеген жарақаттар мен тістеу іздері болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің көз жұмғанын растады.

Әкесі баласын таппай, үйді түгел іздегендерін, кейін далада жатқанын көргенін айтқан. Қазір полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, оның ішінде бала қарауын қамтамасыз етудегі салғырттық мәселесі де қаралуда.

Жергілікті тұрғындар болса, аудандағы жабайы иттердің көбеюінен қауіптеніп, билікке шара қолдануды талап етуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий