Әтешова Әйтеновтің әкесінен қалған үйге енді жармаса алмайды
834
Жоғарғы сот Дана Әтешоваға қатысты істің барлық материалдарын зерттей келе, мүлік Марат Әйтенов пен оның бұрынғы зайыбының некесіне дейін алынғанын анықтап, Әтешованың өтінішін қараудан бас тартты.
Өтініште Әтешова үйдің неке кезінде ерлі-зайыптының «ортақ қаражатына сатып алынғанын» айтқан болатын. Бұған дейін Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты мен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл мәлімдемелердің сәйкес еместігін айтты.
Енді Жоғарғы сот «жыр» болған үйге қатысты нақты нүкте қойды. Судья Разия Қуанышбаева бұл шешімдерді қайта қарауға негіз таппай, адвокат Әтешованың өтінішін кассациялық алқаға беруден бас тартты. Яғни, үй бұрынғы қожайындарында қалады. Оған Дана Әтешованың түк қатысы жоқ. Орынсыз талап қоя алмайды.
Еске сала кетсек, Дана Әтешова әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, өзі мен 3 баласын Марат Әйтеновтің «ортақ қаражатқа сатып алған» үйінен күштеп шығарғанын көрсеткен болатын.
Фото: видеодан скриншот
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
13:02
Қазақстанда ІІМ қызметкерлерінің санын көбейтуг...
18.09.2026
12:51
«Оңбаған болмаңдар»: Дәурен Абаев жастарға ақыл...
18.09.2026
12:48
"Ауруханаға түстім": Айнұр Тұрсынбаева ауыр күн...
18.09.2026
12:24
Елімізде 15 кітап оқығандарға 10 млн теңге бері...
18.09.2026
12:13
Ақтаудағы барда келушінің бетінен атқан ер адам...
18.09.2026
11:55
«Хиджабты орамал деп өзгерткен»: Айтыскер ақын ...