Атырау облысында әкімнің орынбасары көз жұмды

27.05.2026 09:43 Әсел Мұрат
Атырау облысында әкімнің орынбасары көз жұмды
279
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Игали жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Қайғылы жағдай кеше таңертең «Миялы-Сағыз» аралығына қатынайтын жол бойында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметтік көлік аударылып кеткен. Көлікте аудан әкімінің орынбасары мен жүргізушісі болған. Апат салдарынан Ерболат Игали оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші аман қалған.

Марқұмның қайтыс болғанын Атырау облысы әкімдігі растады.

«Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Игалидің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтамыз», — делінген әкімдік хабарламасында.

Ерболат Игали келесі айда 46 жасқа толар еді. Артында бес баласы қалды.

Ол 1980 жылы аталған аудандағы Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 

Еңбек жолын Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінде тілші болып бастаған. 2005-2010 жылдары Ойыл ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман, 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін аталған округтің әкімі қызметін атқарған.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий