Атырауда боди-массажист әйел клиентін пышақтап өлтіргені үшін сотталып жатыр
Атырауда 30 жастағы әйел ер адамды боди-массаж сеансы кезінде өлтірді деген күдікпен сотталып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Қанды оқиға былтыр жазда болды. Тергеу мәліметінше, әйел қылмысты келушілерді қабылдап жүрген пәтерінде жасапты. Олардың арасында сеанс барысында жанжал шыққан. Эмоцияға шамадан тыс берілген сәтте массаж жасайтын әйел пышаққа жармасып, келген адамды жаралаған екен.
Не істегенін түсінген әйел дереу жедел жәрдем мен полицияны өзі шақырған. Алайда дәрігерлер келіп үлгергенше ер адам көз жұмды.
Қазіргі уақытта айыпталушы қамауда, жуырда сот үкім шығады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...