Атырауда фельдшер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

25.12.2025 15:35 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Атырауда фельдшер  көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
0
63
Фото: azh.kz

Оқиға 18 желтоқсан күні кешке Атырау қаласындағы Әлиев атындағы көпірде болған, деп хабарлайды Politico.kz "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

Қалалық №5 емхананың жас фельдшері Мейірман Құсайын жұмыстан қайтып келе жатып, көпірдің шетінде көпірден секірмек болып тұрған ер адамды байқайды. Көп ойланбастан, ол ер адамға жақындап, байыппен сөйлесіп, оны қауіпті қадамнан бас тартуға тырысқан.

Куәгерлердің айтуынша, Мейірман өте кәсіби әрекет етті: оның дауысы сенімді әрі жұмсақ шыққан, әрбір сөзі қолдау мен жанашырлыққа толы болған. Ол ер адамның назарын өзіне аударып қана қоймай, полиция мен жедел жәрдем қызметін де шақырып үлгерген. Олар келгенше шамамен алты минут бойы фельдшер ер адамның жанынан бір елі кетпей, моральдық және психологиялық қолдау көрсеткен.

Полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, ер адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Фельдшердің жедел әрекеті мен адамгершілігінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Мейірман Құсайын Атырау қаласындағы №5 емханада учаскелік фельдшер болып жұмыс істейді. Жұмыс тәжірибесі көп болмаса да, ол өзін жауапты, кәсіби және өз ісіне шын берілген маман ретінде көрсете білді.

«Адам өмірі — ең жоғары құндылық. Тек мамандықта ғана емес, күнделікті өмірде де солай. Көмектесуге мүмкіндік болғаны — бұл менің азаматтық парызым», — дейді Мейірман.

Бұл оқиға медицина қызметкерлерінің тек аурухана қабырғасымен шектелмей, оның сыртында да адам өмірін сақтап, шынайы адамгершілік пен кәсібіне деген адалдықты көрсететінінің тағы бір дәлелі болды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий