Атырауда жолаушылар автобусы 9 жастағы оқушыны қағып кетті

24.04.2026 23:38 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда жолаушылар автобусы 9 жастағы оқушыны қағып кетті
218
Атырауда тағы да бала зардап шекті

Атырау қаласында жолаушылар автобусы 9 жастағы мектеп оқушысын қағып кеткен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға бүгін шамамен сағат 18:00-де болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1964 жылы туған автобус жүргізушісі баланы қағып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккен оқушы оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, соңғы уақытта Атырауда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Бұған дейін, 6 сәуір күні қалада жеңіл көлік бірінші сынып оқушысын қағып, қайғылы жағдай орын алған еді. Ол мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде көлік астына түскен. Оқушы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілген.

Қазіргі жағдайға байланысты құзырлы органдар жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий