Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған жаңа кандидатты қолдады

Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған жаңа кандидатты қолдады
Фото: AP Photo

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері ұсынған Лана Заки Нусейбенің БҰҰ бас хатшысы қызметіне кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Лана Заки Нусейбе қазір БАӘ-нің сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қызметін атқарады. Бұған дейін ол елінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған.

СІМ мәліметінше, БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау барысында Қауіпсіздік Кеңесіне ортақ шешімге келу қиынға соғып отыр. Мұны бұған дейінгі бейресми дауыс беру нәтижелері көрсеткен.

Қазақстан үміткерлер санының көбеюін құптайды. Министрлік мұны келіссөздерді жалғастырып, тараптарға қолайлы шешім табудың қосымша мүмкіндігі деп санайды.

Қазақстан БҰҰ бас хатшысын сайлау ашық әрі әділ өтіп, үміткерлердің кәсіби біліктілігі ескерілуі керек деген ұстанымда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу