“Атыраулық хакер” болып танылған азамат елге қайтарылды

20.06.2026 11:06 Қарақат АСЫЛОВА
“Атыраулық хакер” болып танылған азамат елге қайтарылды
239
Фото: Polisia.kz
Түркияда ұсталған халықаралық алаяқ Қазақстанға жеткізілді

19 маусым күні алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркия Республикасынан елге жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны Қазақстанға қайтару жұмыстары ҚР ІІМ-нің Түркиядағы өкілдігі мен Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынын алдап, олардың 3 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласына жеткізіліп, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі шетелге қашып кеткен және қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру мен ұстау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий