Атыраулық хакер жоғалған отбасыға қатысты тың дерек айтты
«Атыраулық хакер» лақап атымен танылған желі қолданушысы Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Politici.kz.
Оның айтуынша, отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банк картасының қозғалысына қатысты мәліметтерден кейін қаржы ұйымдары жедел әрекет еткен.
«Қазіргі мендегі ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені айтылған соң, банк барлық шоттарды бұғаттаған. Осыдан кейін картамен төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, желі қолданушысы іздестіру жұмыстарының да тоқтатылғанын еске салды.
«Бүгінгі күнге қарай Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтаған. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іздестіруді жалғастыру туралы ешқандай сұрау түспегені айтылып отыр. Соған байланысты тиісті шаралар жүргізілмей жатыр», – дейді ол.
Осылайша, аталған екі адамның тағдыры әлі күнге дейін беймәлім күйінде қалып отыр. Ал желі қолданушысының пікірінше, бұл сұрақтың жауабы бір адамның қолында болуы мүмкін.
«Наурыз бен Мейрамгүл қайда?» деген сауалға нақты жауапты, менің ойымша, тек Сұлтан ғана біледі», – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар