Атышулы Айжан Байзақованың бауыры ажырасуына анасының қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Белгілі блогер Айжан Байзақованың ағасы Әлихан алғаш рет бұрынғы жары Стефаниямен ажырасуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Желіде ажырасу оның анасымен байланысты болуы мүмкін деген әңгімелер тараған еді. Алайда блогер бұл болжамдарды жоққа шығарды.
«Ана мен әйелдің өз орны бар. Мен анамның ұлымын, мұнда ұят ештеңе жоқ», – деді ол.
Әлихан ананы құрметтеу – айыпталатын емес, керісінше әр адам үшін қасиетті ұғым екенін атап өтті:
«Сіздер де болашақ анасыздар. Ұлдарыңыздың сізді сыйламағанын қалайсыздар ма?» – деп сұрады ол.
Сонымен қатар блогер ажырасу туралы пікірлердің басым бөлігі әйелдерден шыққанына өкінішін жеткізді. Оның айтуынша, өзгенің жеке қарым-қатынасын сынаудан гөрі, отбасы құндылықтарын аяққа таптап жүріп, өзін үлгі етіп көрсететіндерге назар аудару қажет.
Еске сала кетейік, жуырда Әлихан Байзақов жұбайымен ажырасқанын жариялаған болатын.
Соңғы жаңалықтар





