Әйел жоқ балалары үшін 13 млн теңге жәрдемақы алған

Ресейдің Волгоград қаласында 37 жастағы әйел үш баланың өмірге келгені туралы жалған мәлімет ұсынып, мемлекеттен 2,5 миллион рубльге жуық әлеуметтік жәрдемақы алған. Бұл туралы V1.RU порталы аймақтық ФҚҚ (ФСБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Әйел 2011–2020 жылдар аралығында Волгоград, Таганрог және Краснодар қалаларындағы азаматтық хал актілерін тіркеу мекемелеріне үш баланың туылғаны жөнінде жалған ақпарат тапсырған. Әрбір өтінішінде ол жалған куәгерлерді қатыстырып, босану дерегін растағандай етіп көрсеткен.
Сол негізде ол "Демография" ұлттық жобасы аясында әртүрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеген.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті осылайша 2,4 миллион рубльден астам қаржыны заңсыз иемденген. Ол бұл қаражатты жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде емделу мен басқа балаларының күнкөрісіне жұмсағанын мойындаған.
Қазіргі таңда әйелге қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159.2-бабы 3-бөлігі — "төлемдерді алу кезінде жасалған алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар





