"Әйелді тыңдамаймын". Блогер Дархан Жолшыбеков жұрттың ашуына тиді

25.01.2025 11:23
0
286
ашық дереккөзден

Блогер Дархан Жолшыбеков еркек пен әйелдің қарым-қатынасы жайлы ойын айтып, көптің ашуына тиді,

Дархан Жолшыбеков ер адамның ешқашан әйел адамды тыңдамағанын және бұл қағиданың өз отбасында жүретінін айтты.

"Әйел адамның ер адамды аңдуы, оның қайда екенін білуі дұрыс емес. Әйел еркектен сұранбауы керек. Еркек адам әйелді ешқашан тыңдамаған. Мен үйімді ойнатқанда Дариғадан сұраған жоқпын. "Мен үйді ойнатамын" дедім. Болды. Ер адам әйелден мүлдем ештеңені сұрамауы керек. Кім ол сұранатын? Одан да қадалсын, көрсін. Есесіне, тәжірибе жинайды", - деді ол.

Сондай-ақ блогер үй шаруасына мүлдем араласпайтынын айтты. 

"Мен тіпті баламды балабақшаға да апармаймын. Мен ол нәрсеге уақыт құртқанша ақша тапқаным жақсы. Одан да сол жұмысты істейтін адамды жалдай салғаным оңай. Содан кейін Дари (әйелі - еск.) маған мүлдем үйдің тірліктерін айтпайды. Оны да істейтін адам бар. Не үшін мен ол нәрселерге күйіп пісуім керек", - деді ол. 

Дарханның жары Дариға Нұркеева да Дархан Жолшыбековтің көп жағдайда отбасын елеусіз қалдыратынын айтты. 

"Мен Дарханды бір рет қатты ауырып жатқанымда шақырдым. "Дархан, көзім ауырып жатыр, келші" дедім. Бұл маған "сонда қазір барып, шайыңды беріп қасыңда отыруым керек пе?" деді де келмеді", - деп ренішін айтты. 

Желі қолданушылары Дархан Жолшыбековтің өмірлік ұстанымдары мен пікіріне наразылықтарын білдірді. 

"Не айтып отыр? Ұят ай", "Қасықтап жинаған абыройын, шелектеп төкті-ау", "Дариғаға жаным ашып отыр", "Дарханды мұндай адам деп ойламаппын", "Тоқшылық семіртіпті", - деді оқырмандар. 

 Ақпарат Massaget.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или