"Әйелін ұрған, есірткіге тәуелді": Ержан Бабақұмаровтың өліміне күдікті туралы не белгілі?

13.01.2026 15:10 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
68
Коллаж Orda.kz

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің өткен өміріне байланысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, қылмысқа күдікті ретінде өтіп жатқан 37 жастағы Е.К. бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол азаматтық некеде бірге тұрған әйеліне қасақана дене жарақатын салғаны үшін сотталған.

Бұрынғы қылмысы

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы 14 сәуірге қараған түні Астанада болған. Ерлі-зайыпты алкоголь ішкеннен кейін араларында жанжал туындаған.

Үкімде көрсетілгендей, ер адам әйелді екі рет беттен алақанымен, сондай-ақ екі рет қабырға тұсынан жұдырықпен ұрған. Соның салдарынан жәбірленуші орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын алған.

Дәрігерлер мынадай жарақаттарды тіркеген:

  • бас сүйегінің үстірт жарақаты;
  • оң және сол жақ гаймор қуыстарының сынуы;
  • сол көз ұясының төменгі қабырғасының ығысуымен сынуы;
  • сол жақтағы 8 және 9-қабырғалардың сынуы.

Соттағы ұстаным

Сот барысында Е.К. кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Жәбірленуші де жаза жеңілдетуді сұрап, оны кешіргенін айтқан. Ол күдіктімен ресми некеге тұруды жоспарлағанын да жеткізген.

Алкоголь мен есірткіге тәуелділік

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті алкогольге және бірнеше психоактивті заттарға тәуелді, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға шалдыққан.

Үкім

Сот Е.К.-ны ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартқан. Сонымен қатар оған психиатрдың бақылауымен мәжбүрлі амбулаториялық ем тағайындалған.

Айта кетейік, Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қаралып жатыр. Алдын ала сот тыңдаулары 19 қаңтарға белгіленген. Бұл бап 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий