Айгүл Иманбаева өзін дуалағандардың кім екенін айтты
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде өзіне қатысты жағымсыз жағдай болғанын айтып, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұл жағдай бір жылдан бері жалғасып келген. Жуырда ғана оның мән-жайын анықтағанын айтып, мұны кім жасауы мүмкін екенін де іштей сезетінін жеткізді.
«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, бір жылдан бері жалғасып келген екен. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанын да білемін, жүрек бәрібір сезеді. Бірақ аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйын. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыңдар? XXI ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыңдар ма, әлде қай ғасырда қалып қойғансыңдар?» – деп жазды актриса.
Айгүл Иманбаева нақты қандай жағдай туралы айтып отырғанын ашып жазбаған. Дегенмен оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар әншіге қолдау білдіріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар