Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды
28.02.2025 17:30
0
34

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әріптесі Балғынбек Имаштың әзіл видеосын парақшасында жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды.

Балғынбек Түркияға чекап өтуге келген. Сөйтіп бүкіл ел мені бас салады деп ойлаған ғой, сөйтсе сол жерде жүрген қазақтар «Сені емес, Айнұрды көргіміз келеді» депті… Қуанғаным-ай! Оңталап ағама, Несібелі жеңгеме Алла ұзақ өмір берсін! Балғынбектің алдында менің абыройымды көтеріп тастаған адамдарды жақсы көремін ғой, деп жазды айтыскер ақын. 

Желі қолданушылары Айнұрды бір көруді армандайтындарын жарыса жазып жатыр. 

«Сізді менің анам көргісі келеді», «Балғынбектің «Көретін дымы жоқ» дегені ауыр болды», «Адамды қадірлі ететін оның салихалы әңгімесі ғой, сол мәмілені іздейді», «Сіздің әкем мен анама жіберген сәлемдеме видеоңызды Балғынбек аға көрсетті. Көріп төбеміз көкке жетіп қуанып отырмыз. Сізге көп рақмет», деп жазды көпшілік.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий