Айсәуле Бақытбек өгей әкесіне қымбат көлік тарту етті

17.09.2026 16:31 Мөлдір ҚАЙНАР
Айсәуле Бақытбек өгей әкесіне қымбат көлік тарту етті
85
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы, блогер Айсәуле Бақытбек өгей әкесі Тұрсынғали Алагөзовтің туған күніне орай ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогер жеке Instagram парақшасында сыйлықты табыстау сәтінен қысқа бейнежазба жариялап, туған күн иесін жылы құттықтады.

«Бәрі бар адамға не сыйлауға болады? Туған күніңмен!» – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Жарияланған кадрлардан қызыл былғарымен қапталған сәнді салоны бар ақ түсті ретро автокөлікті көруге болады. Бұл 1980 жылдардағы толық өлшемді америкалық сирек кездесетін Cadillac Brougham үлгісіндегі көлікке ұқсайды.

АҚШ-тың көлік нарығында мұндай классикалық ретро модельдердің бағасы кемінде 10 мың доллардан басталады. Ал оны Қазақстанға жеткізу, кедендік ресімдеу және құжаттарын рәсімдеу шығындарын есепке алғанда, мұндай сыйлықтың түпкілікті құны әлдеқайда жоғары екені анық. Желі қолданушылары блогердің бұл таңдауын ерекше бағалап, талғамына тәнті болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий