Айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов ауыр дертке шалдыққанын айтты
981
Белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов әлеуметтік желідегі парақшасында сыр бөлісіп, ауыр дертпен күресіп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақынның айтуынша, күтпеген жерден жабысқан сырқат отбасының қабырғасын қайыстырып, үрейге салған. Алайда ол перзенттерінің қолдауымен Үндістанда екі жарым ай бойы ем қабылдап қайтқан.
"Бұл хабарды естіген сәтте төбемізден жай түскендей күй кештік. Отбасымды үрей билеп, әр күніміз үміт пен күдіктің арасында өтті. Бірақ дәл сондай сын сағатта бала-шағам жанымнан табылып, бір сәтке де жалғыз қалдырмады. Солардың қолдауымен Үндістанда екі жарым ай ем қабылдадым. Алланың қалауымен, дәрігерлердің еңбегі мен жанашыр-жақындарымның ақ тілегінің арқасында дерттің беті қайтқандай", – деп жазды Айтақын Бұлғақов.
Ақын қиын сәтте демеу болған жақындары мен тілеулестік білдірген барша ағайынға алғысын айтып, ешкімнің басына мұндай сынақ бермеуін тіледі.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
11:17
«Бүкіл Қазақстан сізбен мақтанады»: Тоқаев Елен...
13.09.2026
10:14
Астанада әйел мен бала қаза тапты: Оқиғаға қаты...
13.09.2026
09:13
Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
13.09.2026
02:35
"Ақшам ғана керек болды ма?". Нұржан Қалған өзі...
13.09.2026
02:03
Тарихшы: Алтын Орда мұрагерлерінің ішінде жалғы...
13.09.2026
01:22
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен...