"Айырылып қалдым": Ақан Сатаевтың қызы қайғысымен бөлісті

22.06.2026 16:30 Мөлдір ҚАЙНАР
67
Фото: әлеуметтік желі

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Мариям Сатай әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, құрсағындағы сәбиінен айырылып қалғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Мариямның айтуынша, ол үш ай бойы жүктілігін сақтап қалуға бар күшін салған. Алайда дәрігерлер жүктіліктің дамымай қалғанын анықтаған.

«Әрбір жүктілік сәбиімен қауышумен аяқтала бермейді. Мен үш ай бойы жүрегімнің бір бөлшегін бойымда көтеріп жүрдім. Қатты токсикоздан қиналдым, жүктілікті сақтап қалу үшін күрестім, жоспар құрдым, күттім... Бірақ дамымай қалған жүктілікке тап болдым», – деп жазды ол.

Мариям мұндай қайғылы жағдай туралы көп айтыла бермейтінін, алайда бұл сынақтан көптеген әйел өтетінін атап өтті.

«Мұндай жоғалтулар туралы көп айтылмайды. Бірақ бұл сынақтан біз ойлағаннан әлдеқайда көп әйел өтеді. Осындай жағдайды бастан өткерген әрбір жанды құшақтаймын. Барлығы да Алланың қалауымен», – деді ол.

Желі қолданушылары Мариямға қолдау білдіріп, көңіл айтып, сабыр мен күш-қуат тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий