Айзат Жұманованың күйеуі оның қазасынан кейін өзіне қол салмақ болған
Талдықорған қалалық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. 12 желтоқсанда сотта оның қаза болған күні орын алған оқиғаларға қатысты куәгерлердің айғақтары жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ауыл тұрғыны Түкібай Әлішердің айтуынша, Айзаттың күйеуі Айбар жұбайының қайтыс болғанын білген сәтте өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Оқиға Талдықорған аудандық ауруханасының маңында, отбасын Айбардың әкесінің көлігімен жеткізген кезде болған.
«Ол алдыңғы есікті ашып, қауіпсіздік белдігіне асылып, өзін өлтірмек болды. Оны дер кезінде ата-анасы мен қарындасы тоқтатты. Кейін тараған видеоны басқа бір полицей қызметкері түсірген», – деді куәгер. Ол Айбармен бірге оқығанын және оны жақсы танығанын айтты.
Айбардың өзіне қол салуға талпынғанын Жетісу облыстық ПД қызметкері Анарбек Аслан да растады. Ол трагедия болған күні кезекшілікте болған.
«Ауыр жарақат алған әйел жеткізілді деген хабар түсті. Екі әріптесіммен бірге жеттік. Сыртта екі әйел мен ер адам тұрды — оларды бұрын көрмегенмін. Жәбірленушінің күйеуі қайда деп сұрағанда, оның көлікте отырғанын айтты. Кейін оның қауіпсіздік белдігіне асылып, өзіне қол салмақ болғанын көрдік. Уақытында тоқтаттық», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар