ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ҚЫЗЫҚТЫРА БАСТАДЫ
626
Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Астана мен Алматыда барлық коммуналдық қызметтерді біріктірген Iqala интеллектуалды жүйесі іске қосылды. Мәселен, бұған дейін коммуналдық шарт жасасуға 30 күн қажет болса, енді 5 минут жетеді. Пилоттық жоба өңірлерде де жүзеге асады. Мысалы, қазақстандықтардың еңбек кітапшалары электронды жүйеге көшіріледі. Денсаулық сақтау саласы да цифрландырудың игілігін көреді. Өткен жылы отандық ІТ өнімдерінің экспорты рекордтық деңгейге - 500 миллион долларға жетті. Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемде 8-орында тұр. 2023 жылы елдегі автокөліктердің 55 пайызы, жылжымайтын мүліктің 49 пайызы онлайн сатылған. Ипотеканың 67 пайызы сандық форматта рәсімделді. Цифрландырудың пайдасы - жемқорлық пен бюрократия жойылады. Былтырдың өзінде мемлекеттік органдар талап ететін құжат саны 119 дан 21-ге дейін азайды. 2022 жылғы IMD World Digital Competitiveness Ranking әлемдік цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан әлемнің 63 елі арасында 36-орынға ие болды. Аталған рейтингке еліміз ТМД мен Орталық Азия мемлкеттері арасында жалғыз еніп отыр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту рейтингінде Қазақстан 28-орында. Осы жетістікпен еліміз тағы ТМД елдері арасында көш бастап тұр. Электронды үкіметті дамыту рейтингінде Дания топ жарды. Алғашқы үштікте Финляндия мен Оңтүстік Корея. Жаңа Зеландия 4-ші сатыда. Ал үздік бестікті Исландия қорытындылайды.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
11:19
Ертісте қайық апатынан кейін жоғалған азаматтың...
20.09.2026
10:20
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза ...
20.09.2026
09:16
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында чемп...
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...