«Әзілін әйелі ғана түсінеді»: Қайрат Әділгерей тағы да сынның астында қалды
Танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей ағылшын тілінде сөйлеп, әлеуметтік желіде жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Politico.kz
Бейнежазбада ол шетелдік акцентпен әзіл айтып, көрермендерді күлдіргісі келген. Алайда бұл жолғы әзіл көпшілікке бірдей ұнай қойған жоқ. Желі қолданушылары актердің әрекетін «ерсі», «жасанды» деп бағалап, сынның астына алды. Кейбірі оның лайк пен хайп үшін шектен шығып кеткенін жазса, енді біреулер Тұрсынбек Қабатов секілді салмақты юмор жетіспейтінін айтты.
Пікірлер арасында:
«Лайк үшін тым қуып кеткен сияқты, ер адам сәл байсалды болса жарасар еді», «Әйелі ғана күліп отырған сияқты, басқаларға мүлде күлкілі емес», «Күлдірем деп керісінше ерсі болып кетті», «Тұрсынбек секілді деңгейлі әзіл керек, артық қимыл көп» деген жазбалар жиі кездеседі.
Сонымен қатар кейбір қолданушылар Қайрат Әділгерейдің әзіл стилі соңғы уақытта өзгеріп кеткенін, бұрынғы образдары әлдеқайда табиғи болғанын атап өтті. Дегенмен, оны қолдап, «өз аудиториясы бар» деп санайтындар да табылды.
Қалай болғанда да, Қайрат Әділгерейдің бұл видеосы желіде бейжай қалмай, қызу талқылау туғызды. Әзілдің шегі мен талғам мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты.
Соңғы жаңалықтар