Әсет Ерғалиев тағы бір қызметті қоса атқаратын болды

02.02.2026 17:34 Әсел Мұрат
Әсет Ерғалиев тағы бір қызметті қоса атқаратын болды
325
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Әсет Ерғалиев

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Ерғалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін ол тек Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келген.

Әсет Ерғалиев туралы не білеміз?

Ол 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген.

2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітіріп, экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • 2010 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қаңтарына дейін Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы ретінде еңбек еткен.
  • 2013 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың маусымына дейін Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
  • 2016 жылдың қазан-желтоқсан аралығында – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
  • 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың тамызына дейін  – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
  • 2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.
  • 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін –  Ұлттық экономика вице-министрі.
  • 2019 жылдың наурыз-тамыз аралығында Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары ретінде қызмет атқарды.
  • 2019 жылдың тамызынан 2021 жылдың қаңтарына дейін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.
  • 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін –Ұлттық экономика министрі.
  • 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
  • 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін –Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.
  • 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанға дейін – Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
  • 2025 жылдың 28 ақпанынан бастап – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий