БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевтың бастамасын қолдады
570
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Конструктивті және достық жағдайында өткен кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы «Болашақ саммитін» шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
«Тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды. БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты», - делінген хабарламада.Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...
19.09.2026
12:21
«Шектен шықты»: Алматы тұрғыны танымал актердің...
19.09.2026
11:17
Талдықорғанда жастар жаппай төбелесті: Полиция ...
19.09.2026
10:44
Майқайыңда жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған...
19.09.2026
09:18
Өскеменде зейнеткер көпқабатты үйдің екінші қаб...
18.09.2026
23:15
Таразда су арнасынан жаңа туған сәбидің денесі ...