БҚО-да журналистердің су басқан аймақтарға кіруіне тыйым салынды
354
Бүгін БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады.
Өңірдегі төтенше жағдай режиміне байланысты БАҚ өкілдерінің су басқан аймақтарға барып, белсенді жұмыс істеуі олардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Қауіпті аймақтарда құтқару және эвакуация жұмысын төтенше жағдай, полиция департаменттерінің, Ұлттық ұлан және Қарулы күштердің қызметкерлері жүргізіп жатыр.
БАҚ-ты, блогерлерді фото және видеомен БҚО бойынша ТЖД баспасөз қызметі қамтамасыз етеді. Облыста халықты және өзге де мүдделі тұлғаларды су тасқыны жөнінде ақпараттандыратын Batys TODAY ақпарат штабы жұмыс істеп тұр.«Бұл адамдар төтенше жағдай кезінде әрекет етуге үйренген, ал арнайы дайындықтан өтпеген жандарға мұндай жағдай өте қауіпті болуы мүмкін. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыздың қауіпсіздігі мақсатында ТЖ кезеңінде су басқан аумақтардың тәуекел аймағына кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидасына сәйкес ҚР әуе кеңістігінде төтенше жағдайлардан құтқаруға қатысты іс-қимыл жалғасып жатқан аудандардың маңында немесе ішінде дрон ұшыруға болмайды» деді БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД өкілі.
«Біз үшін азаматтарымыздың қауіпсіздігі бәрінен биік тұрады, сақ болыңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз» деп түйіндеді өкіл.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
19:13
Астанада қайтыс болған адамның ағзалары үш науқ...
11.09.2026
18:13
“Ақ туфлимен мектепке бару мұң болды”: Құлсарыд...
11.09.2026
18:08
Тоқаевтың 2005 жылғы сұхбаты жарияланды, ол төң...
11.09.2026
17:35
Жүкті келіншекті өлтіріп, 17 жыл бойы жасырынып...
11.09.2026
17:06
Мемлекетке 20 жыл жұмыс істеген шенеунік ойын ү...
11.09.2026
16:25
Үш адамның өліміне әкеп соққан экс полицей 30 м...