Ердоған Тоқаевты Анкарада күтеді: Түркияда не болмақ?

Ердоған Тоқаевты Анкарада күтеді: Түркияда не болмақ?
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанда Түркияға барады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ердоғанның айтуынша, Анкарада Қазақстан басшысын қабылдап, Түркияның құрылғанына 103 жыл толуын түркі әлемінен келген құрметті қонақтармен бірге атап өту жоспарланған.

Сондай-ақ Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммиті өтеді. Ердоғанның сөзінше, кездесу 30 қазанда Анкарада ұйымдастырылады.

«Біз түркі әлеміндегі берік бауырластықты бұзуға тырысатындарға қарсы бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтаймыз деп сенемін», – деп жазды Түркия басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін, тамыз айында, Қазақстан мен Түркия президенттері телефон арқылы сөйлескен болатын. Сол кезде Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Режеп Тайып Ердоғанның Түркияда өтетін бірқатар маңызды жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу туралы шақыруын ризашылықпен қабылдағанын хабарлаған еді.

Ал 2026 жылы мамырда Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында екі ел басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Түркиядағы Қожа Ахмет Ясауи мектебінің ашылу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу