"Бағың ашылсын". Роза Әлқожа марқұм ақын Оразалы Досбосыновтың қызын ұзатты
1501
Әнші Роза Әлқожа марқұм болған өнерлі жұп Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатты.
Өнер иесі марқұмның қызы Нұр-Айша Оразалықызы Қарағанды облысы Қарқаралы қаласына келін болғанын айтты.
Жүрегім парша-парша болып кетті. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. «Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем» деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол! Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!, – деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...
17.09.2026
19:06
Омырауын кішірейткен танымал блогер 22 жасында ...
17.09.2026
18:17
Жанель Мақажан: Күйеуіңізді тұғырға қондырып, б...
17.09.2026
18:09
«Бар ақшамыз еді»: Air Astana жолаушысы ұшақ бо...
17.09.2026
17:53
Жанель Мақажан: Орамалды шешкенде қатты қиналды...
17.09.2026
17:14
«Моральдық қысым көрсетілген»: Көкшетау соты әк...