«Баланы жалғыз қалдырған»: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
1241
Солтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан көз жұмған бес жасар қыздың анасы ұсталды. Бұл туралы Сенат кулуарында Қазақстан ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, әйелге қатысты кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Солтүстік Қазақстан облысында анасы баланы үйде жалғыз қалдырған, соның салдарынан өрт шықты. Осы факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Әйел қамауға алынды, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді Әділов.
Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйде өрт шығып, бес жасар қыз бала қаза тапты. Өрт кезінде бала үйде жалғыз болғаны анықталған.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
23:18
«Есік тұтқасын сындырған»: Астанада үш бала жат...
16.09.2026
22:31
Қонақүйде демалған жұптың төсегінің астынан бей...
16.09.2026
22:23
Сыныптасын қатыгездікпен өлтірген жасөспірім ши...
16.09.2026
22:20
Ақтөбе облысында теміржол өткелінде тепловоз жү...
16.09.2026
22:11
«Меккеде басқа қызға қарай берді». Танымал блог...
16.09.2026
21:25
Қазақстандықтарға шетелге шығуға қатысты маңызд...