«Балапан» арнасының продюсері зорлады»: Танымал актер адам шошырлық жағдай туралы айтты

12.05.2026 10:06 Әсел Мұрат
«Балапан» арнасының продюсері зорлады»: Танымал актер адам шошырлық жағдай туралы айтты
1218
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғыман бірнеше жыл бұрын «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсерден зорлық көргенін айтты , деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, ол әлгі телеарнада продюсер болып жұмыс істеген сол туысының көмегімен кино мен сериалдарға түсе бастаған.

Бір күні түсірілімнен кейін әлгі туыс ер адам актерды кабинетінде алып қалып, сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен.

«Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң «Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың» деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды», – дейді ол.

Нұрғали Нұғыман ұзақ уақыт бойы бұл жағдай туралы ешкімге айтпағанын жеткізді. Оның сөзінше, бала кезде қорқыныш пен сенімсіздік салдарынан үнсіз қалуға мәжбүр болған.
Актердің сөзінше, бұл жағдай оған ауыр психологиялық соққы болып, тіпті суицид жасауға дейін жеткізген. Алайда қазір ол осы оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдаған.
Осы оқиғадан кейін желі қолданушылары продюсердің атын атауды және оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтауды талап етті.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий