Тоқаев Омбыда Путинмен маңызды кездесу өткізбек

Тоқаев Омбыда Путинмен маңызды кездесу өткізбек
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілдеде Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президент XXII Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Іс-шара барысында екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайту мәселелері қаралады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтеді. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселені және өзара қызығушылық тудыратын өзге де бағыттарды талқыламақ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу