«Бар кезде қадірін білейік»: Дана Нұржігіт әйелдерге үндеу жасады

15.12.2025 10:41 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Бар кезде қадірін білейік»: Дана Нұржігіт әйелдерге үндеу жасады
0
65
Фото: ашық дере

Танымал тележурналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде әйел болмысы, жас, сұлулық пен өзін қабылдау тақырыбында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол соңғы уақытта сырт келбетіне қатысты көп жылы пікір алып жүргенін айтып, оқырмандарына алғысын білдірген.

«Кімге ұнамасын? Әрине, бұл мен үшін өте жағымды. Барша оқырмандарыма алғысым шексіз», — дейді журналист.

Дана Нұржігіт бала күнінде ұзын әрі ауыр қос өрімі болғанын, оның салмағынан басы жиі ауыратынын еске алды. Мектеп-интернатта оқып жүрген кезінде шашын қиюға талпынып, ақыры әкесінің рұқсатымен сыныптасымен бірге ұзын шашымен қоштасқан. Кейін тележурналистикада қысқа шаштың ыңғайлы болғанын, бұл образды жұбайы әрі продюсері Владимир Рерих те қолдағанын айтты.

Қазір ол табиғи өзгерістерді сабырмен қабылдап, әр кезеңнің өз сұлулығы бар екенін атап өтті.

«Жас ұлғайған сайын шаш сирейді — бұл табиғат. Бірақ бар кезде қадірін білейік», — деді ол.

Журналист әйелдерге өзін сүюге, табиғи болмыстан ұялмауға үндеді.

«Қыздар, шашымызды аялайық, күлімдеген көзімізді, табиғи тісімізді, қалған белімізді сақтайық, кең жамбасымыздан ұялмайық. Дұрыс тамақтанып, күлімдеп, еңбек етейік», — деп жазды Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ ол оқырмандарына Александр Аскольдовтың «Комиссар» фильмін ұсынды.

«Бұл — әйел мен ананың гимні, соғысқа қарсы қарғыс. Міндетті түрде көріңіздер», — деп түйіндеді тележурналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий