«Бәріне жымиып қарайсың ғой сен»: Сабинаның жаңа туындысы желіде сынға қалды

14.01.2026 13:18 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Бәріне жымиып қарайсың ғой сен»: Сабинаның жаңа туындысы желіде сынға қалды
0
59
Коллаж: Politico.kz

Блогер Сабина Мовлаева жаңа әнінен үзінді жариялаймын деп, желі қолданушыларының сынына ұшырады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы туындысынан шағын бөлікті бөліскен еді. Алайда тыңдарман әнді жылы қабылдай қойған жоқ, деп хабарлайды Politico.kz

Көрермендердің айтуынша, әннің сөзі түсініксіз, ал әуені Сабинаның образына сай келмейді. Желіде түрлі пікірлер қарша борады.

«Бәріне жымиып қарайсың ғой сен дегені несі?», «Біртүрлі ән екен», «Мынаны мамам да тыңдамайды ғой», «Өлеңнің мән-мағынасы қалай өзі?», «Бұл бір әнге ұқсай ма өзі?», «Жалаңаш шыға салмадың ба?», «Айгерімнің әніне ұқсайды», «Баянсұлудың әндеріне қатты келіңкірейді», «Сөзінде мән жоқ», «Сөздері бір-біріне қарсы сияқты», — деп жазды олар.

Кейбір қолданушылар әннің әуені бұрынғы хиттерге ұқсап кеткенін атап өтсе, енді бірі мәтіннің әлсіздігін сынға алды. Әзірге Сабина Мовлаева бұл пікірлерге қатысты жауап берген жоқ.

Айта кетейік, блогер соңғы уақытта әншілікке бет бұрып, шығармашылық жолын сынап көріп жүр. Алайда бұл жолғы туындысы тыңдарман тарапынан екіұшты реакция тудырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий