«Барлығын Қайрат асырап отыр»: Гүлзира Айдарбекованың келіні ренішін жайып салды

Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні Әйгерім Саркенова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүктесін қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Саркенова өзіне және отбасына қатысты айтылған сындарға сабырмен қарауға тырысатынын, алайда ар-намысына тиетін жалған айыптауларға үнсіз қала алмайтынын айтты.
«Жиі кездесетін жағымсыз пікірлерге сабырмен қараймын, себебі олардың шындыққа еш қатысы жоқ екенін білемін. Бірақ мұндай сөздер менің немесе отбасымның абыройын қорлауға айналғанда, үнсіз қалу – менің табиғатыма жат», – деп жазды ол.
Ол кейбір адамдардың өз отбасын «біреудің арқасында өмір сүріп жатыр» деген пікірін жоққа шығарды.
«Біздің отбасымызда машстабты адам бар. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Әрине, мұндай туыстық байланыстар кейде мүмкіндіктер ашады, бірақ есіктер тек алға ұмтылғандарға ғана ашылады. Барлығы адамның өз еңбегіне, ақылына және табандылығына байланысты. Әркімнің өз өмірі, өз қамы, өз мақсаты бар. Барлығы еңбек пен сенім арқылы құрылады. Біз үшін масылдық – жат ұғым. Адамдар тек сыртқы жағын көреді, ал кадр сыртында ең маңызды нәрселер қалады. Сондықтан ешкімнің еңбегін бағаламай, білмей тұрып үкім шығармаңыздар. Уақыт бәрін өз орнына қояды – шындық әрқашан жарыққа шығады", – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





